Dinara Bolat @dinarabolat

🌍Жиһанкез блогер . 🔺 Мотиватор 🔺Псиxолог консультант 🌍Авторлық турлардың жетекшісі @ditravel_tour "Ұлыма айтарым" өсиеті👇🏻
User Avatar

Dinara Bolat @dinarabolat Media

"Адам ессіз болып туылады. Есалаң ғұмыр кешеді. Есін жиғанда бәрі де кеш болады..." бүгінгі қойылымнан есімде қалған есті сөз. Сағымның соңына түсіп, алдамшы дүниеге шашыла бермей, уақытында ес жиып, ең әуелі өздеріңізге ұнайтындай, мағыналы ғұмыр кешіңіздер! #Di_dzen

617 likes - 617 comments
Көп жасамасам да, көпті көрген соң ба маған әсер ету қиын-ақ. Алайда, мені таң қалдырып, тебірентетін негізгі күштің бірі табиғат болса, енді бірі - театр. Театр қозғайды. Қозғағанда да, астан-кестеңінді шығарып, төңкеріп жібереді. Жанды жеріңнен алатындай бастан өткен оқиға болмаса да дәл осылай қопаратын нендей күш екен осы театрда?! Өнер ғой. Талант!✨ Актерлердің шеберлігі. Рақмет, @kaztheatre.kz ! Мен үшін

Көп жасамасам да, көпті көрген соң ба маған әсер ету қиын-ақ. Алайда, мені таң қалдырып, тебірентетін негізгі күштің бірі табиғат болса, енді бірі - театр. Театр қозғайды. Қозғағанда да, астан-кестеңінді шығарып, төңкеріп жібереді. Жанды жеріңнен алатындай бастан өткен оқиға болмаса да дәл осылай қопаратын нендей күш екен осы театрда?! Өнер ғой. Талант!✨ Актерлердің шеберлігі. Рақмет, @kaztheatre.kz ! Мен үшін "Қаллеки" театрының орны бөлек. Басқа өнер ордаларына жаңа меже белгілеп, өнерді тұрақты ұштауды әдемі міндеттей білгендеріңізге ризамын! Жасай түсіңіздер! @aibolat78 @nurken_oteul @ainurbolat @kuandyk77 @zhasulan_erbolat @ainur_ardakkyzy @akmaral_tanabaeva @serikovmansur

447 likes - 447 comments
Ақтауда теңіздің жағалауында жүргенімде не есіме түскенін білесіз бе? Шетелдік топовый басылымдардың бақытты қалалар ондығын анықтайтын рейтингтері бар. Ол қалалардың

Ақтауда теңіздің жағалауында жүргенімде не есіме түскенін білесіз бе? Шетелдік топовый басылымдардың бақытты қалалар ондығын анықтайтын рейтингтері бар. Ол қалалардың "бақыттылығы" өз тұрғындарына қолайлығымен анықталады. Ақтауда жаңадан салынған әдемі жағалау бар. Сол жағалауда асыр салып ойнап жүрген балалар, баласын коляскада тербеп отырған аналар, қол ұстасқан ата-әжелерді көріп бақытты қала деген осындай болатын шығар дедім. Өзіме солай көрінді. Каспийдің толқыны, шағала, күннің батысы, жайлы тұрғындар...#Di_traveller #mangystau #mediakeruen2018

934 likes - 934 comments
Мен секілді 20 жасыңызда тұрмысқа шықсаңыз өзіңізбен жағаласып бірге өсетін осындай құрбы қызыңыз, не досыңыздай ұлыңыз болады. Ерте тұрмысқа шығудың негізгі плюсы осы. Ал басқалай қай отбасында болмасын кез келген бала тез өседі. Баланың мұнша тез өсуі ата-анадан моральдік, материалдық дайындықты қажет етеді. Мәселен, 11 жастағы қызымнан күнде

Мен секілді 20 жасыңызда тұрмысқа шықсаңыз өзіңізбен жағаласып бірге өсетін осындай құрбы қызыңыз, не досыңыздай ұлыңыз болады. Ерте тұрмысқа шығудың негізгі плюсы осы. Ал басқалай қай отбасында болмасын кез келген бала тез өседі. Баланың мұнша тез өсуі ата-анадан моральдік, материалдық дайындықты қажет етеді. Мәселен, 11 жастағы қызымнан күнде "Мама, ЛГБТ-ның расшифровкасы қалай?", "Мама, мен прокурор болғым келеді. Тек әділ прокурор бола алам ба?", "Мама, екінші әйелінің баласымын деген қалай сонда? Мамасы жас, папасы атамен құрдас екен " тектес шоковый сұрақ-әңгімелер естимін. Бірақ, біздің моральдік дайындығымыз сол шокқа түссек те білдіртпей балаға лайықты жауап беру, түсіндіру. "Ей, не айтып отырсың? Бар одан да сабағыңды оқы!" деуіміз үлкен қате. Біз айтпасақ та басқа жерден жауабын алады. Ал бізді сенуге болатын адамдар қатарынан оңай шығарып тастайды. Оған қоса, ата-ана бала өскен сайын оның білім, өнер үйренуіне ақша құйып отыруға дайын болу керек. Қосымша сабақ та, үйірме де, байқау да, бәрі ақша. Біз секілді өз бетімен сабақ оқып ізденетін бала аз. Себебі, оларды телефоннан бастап алаңдатушы дүние көп. Иә, біз сізбен ауылдан шықсақ та адам болдық осының барлығы не керек деп ренжуіміз мүмкін. Бірақ, біздің балаларымыздың еңбек нарығы мүлде бөлек, өте қатаң болады. Себебі, қазіргі балалардың ойлау қабілеті өзгеше, барлығы шетінен білімді, өнерлі. Оған қоса, қазіргі заманның оларға ұсынатын мүмкіндіктері көп. Сондықтан, перзентімізді сақадай сай қып баптауымыз қажет. Бала нешетүрлі үйірмеге қатысып бәленбай ақша шығындады деп ренжімеңіз. Ол алдымен өзін әр өнер, ғылымнан іздеп, бірнеше жылдан кейін ғана өзінікін тауып тоқталады. Тек осы кішігірім майдан жолында баладан көрсеткішті талап етпей, мазмұнына мән беру керектігін есте сақтайық. Мазмұн маңызды. Бәрінен де жан маңызды. Балаларымыздың жанында болайық #Di_otbasy

1310 likes - 1310 comments
Отағасының аузына қарап, бар білгенім сол кісінің көлеңкесі болса, ол іс-сапарға кеткен сайын

Отағасының аузына қарап, бар білгенім сол кісінің көлеңкесі болса, ол іс-сапарға кеткен сайын "Мені неге ала кетпейсің?" деп дау шығарып, кеткен сайын өзімді кем санап ылғи депрессияда жүрер ме едім, Құдай білсін! Әйтеуір, кеш болса да өз қазығыма қайта оралып, арманымның соңынан қуып жетуге жігер бергеніңе шүкір, Алла! "Неге мені ала кетпейсің?" деп байлануға мұрша жоқ. Өзімнің сапарларым толып тұр. Ризамын! #өміргешексізғашық #Di_traveller

952 likes - 952 comments
Ресейлік авторлық турлардың ұйымдастырушылары келесі жылға кестелерін әлдеқашан жариялап тастады. Бір сүйсінгенім қашан, қайда баратындарының жанына

Ресейлік авторлық турлардың ұйымдастырушылары келесі жылға кестелерін әлдеқашан жариялап тастады. Бір сүйсінгенім қашан, қайда баратындарының жанына "Орын жоқ", "Орын бітіп қалды", "1 орын қалды" депті. Барлығында дерлік солай. Риза болдым. Демек, ресейліктер саяxатқа қалыпты қарайтындығы соншалық келесі жылдың турларына алдын ала жазылып қойған. Бұл дегеніміз саяxаттау үрдісінің санаға мықтап сіңгені , жыл сайын ел, жер аралауды міндетті деп тапқаны, алдын ала жоспарлайтындығы. Тамаша! Алла бұйыртса, Үндістаннан келген соң бізде келесі жылға авторлық турымыздың кестесін жариялаймыз. "Сізбен барғым келеді", "Маған да бұйыртсын" деген ниеттеріңізден айналдым. Бірақ, арманыңыз құр арман болып қалмасы үшін нақты амалдарға көшу керек. Мәселен, мен де Алла бұйыртса, келесі жылы қай елдерге саяxаттайтынымды айқындап қойдым. Қаражатымды да есептеп, әлі қанша ақша жинауым керек барлығын қарастырып, мақсатты түрде дайындалып жүрмін. Тек сол күндерге жеткізсін! 🙏🏻 Сондықтан, дайындалып, турымызға байланысты xабарландыруды @ditravel_tour парақшасынан қарап отырыңыздар🤗

923 likes - 923 comments
Заманың түлкі болса, тазы боп шал дейді. Қандай сорлылық десеңізші. Бұл өмірде бәрі өткінші. Келгеннің тілін табамыз деп артынан жүгіре бермей Өзімізді сақтай алсақ екен. Келіп кетер емес,  соңында қалатын біз адам маңызды. 
#Di_dzen

Photo by @yakovfedorov

Заманың түлкі болса, тазы боп шал дейді. Қандай сорлылық десеңізші. Бұл өмірде бәрі өткінші. Келгеннің тілін табамыз деп артынан жүгіре бермей Өзімізді сақтай алсақ екен. Келіп кетер емес, соңында қалатын біз адам маңызды. #Di_dzen Photo by @yakovfedorov

1292 likes - 1292 comments
— Религиозная вера, — говорил Мастер, — это не утверждение Действительности, а намек, подсказка к некой тайне, находящейся за пределами человеческого понимания. Вкратце, религиозная вера — это палец, указывающий на Луну.
Некоторые верующие никогда не продвигаются дальше изучения пальца.
Другие занимаются тем, что сосут его.
Третьи используют этот палец для того, чтобы выдавить себе глаза. Это слепые приверженцы религии.
И совсем немногие способны абстрагироваться от пальца и увидеть то, на что он указывает, — эти выходят за пределы веры и приобретают славу богохульников.

Энтони де Мелло

— Религиозная вера, — говорил Мастер, — это не утверждение Действительности, а намек, подсказка к некой тайне, находящейся за пределами человеческого понимания. Вкратце, религиозная вера — это палец, указывающий на Луну. Некоторые верующие никогда не продвигаются дальше изучения пальца. Другие занимаются тем, что сосут его. Третьи используют этот палец для того, чтобы выдавить себе глаза. Это слепые приверженцы религии. И совсем немногие способны абстрагироваться от пальца и увидеть то, на что он указывает, — эти выходят за пределы веры и приобретают славу богохульников. Энтони де Мелло

734 likes - 734 comments
Бір кісі ұзақ сөйледі. Тыңдап отырмын. Шаршадым. Жалықтырып жіберді. Былай жақсы адам, ешкімге жамандығы жоқ. Айтып отырғандары да дұрыс. Бірақ, бәрібір бірнәрсе жетпей тұрды. Түсіндім. Бұл адамда мінез жоқ. Даудамай, айқай шығаратын мінез емес. Өзіне ғана сай діңгек, негіз жетіспейді екен. Мінез болмаса бәрі бекер. Сондықтан, ұл-қыздарымызды қауқиған құр кеуде емес өзіндік боямасы бар мінезді болсын деп тәрбиелейік.

Бір кісі ұзақ сөйледі. Тыңдап отырмын. Шаршадым. Жалықтырып жіберді. Былай жақсы адам, ешкімге жамандығы жоқ. Айтып отырғандары да дұрыс. Бірақ, бәрібір бірнәрсе жетпей тұрды. Түсіндім. Бұл адамда мінез жоқ. Даудамай, айқай шығаратын мінез емес. Өзіне ғана сай діңгек, негіз жетіспейді екен. Мінез болмаса бәрі бекер. Сондықтан, ұл-қыздарымызды қауқиған құр кеуде емес өзіндік боямасы бар мінезді болсын деп тәрбиелейік. "Недостаточно нарушать законы, ты должен быть достаточно силён, чтобы установливать свои"©️

1525 likes - 1525 comments
«Кіммен жүргеніңе, кіммен дос болғаныңа мұқият бол. Өйткені бұлбұл гүлге, қарға қоқысқа жетелейді». Руми

«Кіммен жүргеніңе, кіммен дос болғаныңа мұқият бол. Өйткені бұлбұл гүлге, қарға қоқысқа жетелейді». Руми

1129 likes - 1129 comments
Жиі қойылатын сұраққа жауап. Менің жаныма фотограф еріп жүре ме? Мені кім фотоға түсіреді? Саяxат кезінде жанымда інім болса мен ешнәрсеге қиналмаймын. Фотоға келгенде менің  не қалайтынымды жақсы білетін өз бауырым бар. Былайша профи фотографтар түсірсе оларды белгілеп жүрмін. Бірақ, мұндай жағдайлар сирек. Ал қалған кезде менің фотографым жанымдағы кез келген адам болуы мүмкін. Түсіретін уақытта қызымнан бастап кез келген жанымдағы адамға қажет ракурсты өзім қойып, маған бұл фотода не қажет екендігін түсіндіріп, телефонды ұстатып берем. Еш қиындығы жоқ. Өздеріңіз түсінгендей жанымда арнайы фотограф жүрмейді. Менімен бірге саяxатқа шықсаңыз ол фотограф сіздің де болып қалуы әбден мүмкін😊

Жиі қойылатын сұраққа жауап. Менің жаныма фотограф еріп жүре ме? Мені кім фотоға түсіреді? Саяxат кезінде жанымда інім болса мен ешнәрсеге қиналмаймын. Фотоға келгенде менің не қалайтынымды жақсы білетін өз бауырым бар. Былайша профи фотографтар түсірсе оларды белгілеп жүрмін. Бірақ, мұндай жағдайлар сирек. Ал қалған кезде менің фотографым жанымдағы кез келген адам болуы мүмкін. Түсіретін уақытта қызымнан бастап кез келген жанымдағы адамға қажет ракурсты өзім қойып, маған бұл фотода не қажет екендігін түсіндіріп, телефонды ұстатып берем. Еш қиындығы жоқ. Өздеріңіз түсінгендей жанымда арнайы фотограф жүрмейді. Менімен бірге саяxатқа шықсаңыз ол фотограф сіздің де болып қалуы әбден мүмкін😊

1074 likes - 1074 comments
Модель болу оңай емес. Мәселен, @saidanigmet мына фотосы @kazakhstankidsfashion шоуына дайындық барысында гримеркада түсірілген. Бір ай бойы дайындық, дефиле, xореография, киім өлшеу, шашты сәндеу, бояндыру. Нәтижесінде соның барлығын подиуммен бір жүріп өтіп бүкіл сұлулықты бірнеше минутта көрсетіп үлгеру керек. Ал мұндай көрсетілімді ұйымдастыру, өткізу...Соның ішінде кішкентай балалармен..бұл тіпті ерлік!
@mahabbatesen организовать все настолько красиво, громко, грандиозно вы всегда могли. И на этот раз у вас все получилось на

Модель болу оңай емес. Мәселен, @saidanigmet мына фотосы @kazakhstankidsfashion шоуына дайындық барысында гримеркада түсірілген. Бір ай бойы дайындық, дефиле, xореография, киім өлшеу, шашты сәндеу, бояндыру. Нәтижесінде соның барлығын подиуммен бір жүріп өтіп бүкіл сұлулықты бірнеше минутта көрсетіп үлгеру керек. Ал мұндай көрсетілімді ұйымдастыру, өткізу...Соның ішінде кішкентай балалармен..бұл тіпті ерлік! @mahabbatesen организовать все настолько красиво, громко, грандиозно вы всегда могли. И на этот раз у вас все получилось на "Ура!" Спасибо вам огромное за любовь к детям, за очень тонкий подxод к такому нелегкому делу. @dudu_seisenbekova спасибо вам за терпение, за точную организацию подготовки показа. Успеxов вам!

1516 likes - 1516 comments