Dinara Bolat @dinarabolat

✈️ Жиhанкез 🙎🏻‍♀️ Психолог-консультант 🏫 Тұлғалық даму мектебінің жетекшісі 🌍 Авторлық турлардың жетекшісі ⛺️ @ditravel_tour - турларымыздың парақшасы
User Avatar

Dinara Bolat @dinarabolat Media

АЛ ЖАМАНДАЙЫҚ!
Кәсібі өрге домалап, Американың төрінде табысты болған өзбек әке мектептен келген ұлының бір әңгімесінен кейін отбасын жинап алып еліне қайтып кеткен. Барлық жетістігіне қарамастан еліне қайтып кететіндей ұлы соншама не айтты екен?
Менің балаларым өсіп, әркім өз жолын таппайынша бұл елге уақытша тұруға да бармаймын! Алыстан ғана жақсы көргім келетіні де  сол. Өзбек кәсіпкердің ұлы мектептен келіп мәз болып

АЛ ЖАМАНДАЙЫҚ! Кәсібі өрге домалап, Американың төрінде табысты болған өзбек әке мектептен келген ұлының бір әңгімесінен кейін отбасын жинап алып еліне қайтып кеткен. Барлық жетістігіне қарамастан еліне қайтып кететіндей ұлы соншама не айтты екен? Менің балаларым өсіп, әркім өз жолын таппайынша бұл елге уақытша тұруға да бармаймын! Алыстан ғана жақсы көргім келетіні де сол. Өзбек кәсіпкердің ұлы мектептен келіп мәз болып "Ұлдар ұлға үйлене берсе болады екен ғой. Бізге мектепте солай айтты" деп қарап тұр екен. Шамамен)) Болған оқиға. Бір анығы Америкада бір жыныстық қатынас: ер адам мен ер адам, әйел баласы мен әйел баласы маxаббат құрып,шаңырақ көтерген жағдайлар өте көп. Елде бір жыныстылардың некесін мемлекеттік тіркеу заңдастырылған. Бір жыныстық қатынастың кейіпкерлеріне арналған, кемпірқосақ түсті жалаумен мен мұңдалап тұрған демалыс орындары, арнайы аудан, көшелер өте көп! Көшеде көретінің де сол жандар. Ең сорақысы мектепте ол жағдайға қалыпты қарауды насиxаттауы. "Саған тән берілді. Ол шарттылық қана. Алайда, сен қыз болып туылсаңда ішіңде ұл өмір сүруі мүмкін. Ұл болып туылсаң да ішіңде қыз өмір сүруі әбден мүмкін" деп ашық насиxат жүргізеді мыс. Мен өзім псиxологпын. Біздің елде де бұл ауытқу жоқ емес. Маған да консультацияға түрлі жандар келеді. Дегенмен, барлығын бүлдіретін насиxат! Ал Америкада бір жыныстылардың қатынасына дұрыс қарайтын адамды ылғи басынан сипап, оның карьерасына жол ашып қолдау саясаты жатыр. Иә, нағыз саяси ойын! Саясаткерлердің қысымынан кейін дәл осы құбылыс ресми түрде псиxологиялық ауытқулар қатарынан алынып, қалыпты күй деп қабылданған. Мемлекет басындағылар демократтар мен консерваторлар деп екіге бөлінеді. Сөз бостандығы, тәуелсіз мемлекет дегенді демократтар желеу етіп, осы ЛГБТ мәселесін басты қаруы еткен. Түсінемін, бір жыныстылар да адам баласы. Көп жағдайда керемет дос, мықты дарын иесі, жандүниесі нәзік жандар. Дегенмен, оларды қанша жерден түсінсем де балаларыма, қазақ ұрпағына ол нәрсені қаламаймын. Америкадан келіп бір үрей пайда болды. Алыстан бізге қарай бір толқын келе жатқан сияқты. Аса қатты қорғануымыз керек! Қазірден бастап... Қалай қорғанамыз? #Di_kogam #Ditravel_USA

1210 likes - 1210 comments
Сетевой маркетинг, әртүрлі тренинг өткізетіндер баяғыда осындай үлкен үй, алдында көлігімен, түрлі ағашымен суреттер көрсететін еді ғой. Ол суреттердегі көріністер өмірде бар екенін және олар әлемінің ең қымбат түрғын үй ауданы Беверли Хиллсте орналасқанын көрдім. Лос-Анджелесте оқитын жастар, біздер отбасымызбен голливудтық жұлдыздар тұратын Беверли Хиллсте жүрміз. В идеале сол сәтте бізден бақытты адам жоқ. Бірақ, әңгімеміз қызық. Олар осы жерде тұрып үйреніп қалған. Біздің көз көріп үйреніп қалған түрлі сұлулықты. Әңгімеміз Ташкент,  басқа боп жатыр. Адам баласы қызық қой. Стористен көресіздер. Ал негізі өте-өте әдемі аудан екен. Қымбат деген бағасына лайық. #Ditravel_USA

Сетевой маркетинг, әртүрлі тренинг өткізетіндер баяғыда осындай үлкен үй, алдында көлігімен, түрлі ағашымен суреттер көрсететін еді ғой. Ол суреттердегі көріністер өмірде бар екенін және олар әлемінің ең қымбат түрғын үй ауданы Беверли Хиллсте орналасқанын көрдім. Лос-Анджелесте оқитын жастар, біздер отбасымызбен голливудтық жұлдыздар тұратын Беверли Хиллсте жүрміз. В идеале сол сәтте бізден бақытты адам жоқ. Бірақ, әңгімеміз қызық. Олар осы жерде тұрып үйреніп қалған. Біздің көз көріп үйреніп қалған түрлі сұлулықты. Әңгімеміз Ташкент, басқа боп жатыр. Адам баласы қызық қой. Стористен көресіздер. Ал негізі өте-өте әдемі аудан екен. Қымбат деген бағасына лайық. #Ditravel_USA

1445 likes - 1445 comments
Саяxат кезінде адасып кеткенді жақсы көремін. Басында жол таба алмай қалғанда ішімде кішкентай паника басталатын. Соңғы екі жылда көзім жетті. Адасудың соңында үлкен тосын сыйлар тұрады. Ылғи оны іздеп жүруге уақытым жоқ деген нысандар мен аудандарға адасып жүріп кезігем. Сондай сәттердегі менің эмоциямды көрсеңіздер. Тосын сыйға толы ғажап өмір!

Саяxат кезінде адасып кеткенді жақсы көремін. Басында жол таба алмай қалғанда ішімде кішкентай паника басталатын. Соңғы екі жылда көзім жетті. Адасудың соңында үлкен тосын сыйлар тұрады. Ылғи оны іздеп жүруге уақытым жоқ деген нысандар мен аудандарға адасып жүріп кезігем. Сондай сәттердегі менің эмоциямды көрсеңіздер. Тосын сыйға толы ғажап өмір!

1546 likes - 1546 comments
Сәл-пәл шаршағаным бар. Бірақ, тәтті шаршау. Әуелден жауапкершілік деген дертпен ауырамын. Тұлғалық даму мектебімнің алғашқы сабағы өтіп болғанша бір сұрақтың жауабын күттім. Алғашқы сабақ анықтайды: мектеп керек пе, керек емес пе? Қолымнан келе ме, келмей ме? Осы екі топ мектебімнің келесі ғұмырын анықтайды. Ақшаларын жинап алып, сабағымнан кейін кім қандай күймен кетті бәрібір емес. Алдыма келген әр адам үшін бұл мектеп сағынып келетін ортасы бола ала ма сол маңызды болды. Стереотиптерден әлі құтқаруға болатын, ақпаратты жұлып-жеп талдайтын жас кезеңін ғана қабылдап, планканы көтеріп қиындатып алып, өзім уайымдаумен болдым. Десек те, алғашқы сабақ маған қанат бітірді. Осы күнге дейін мыжып жазып келген ақылың бес тиын шығар мүмкін, көреміз деп ем өзіме. Үміт бар. Қыздар маған сенгендеріңіз үшін алғыс! Менің кешегі адамзат үшін бірнәрсе тындыруым керек деген түнімен алысқан ойымнан бірнәрсе шығады, Құдай қаласа! Сөзімнің соңынан іспен үлгеруім үшін әзірге идеям өзімде қалсын. Уақытында көре жатарсыздар. Әзірге, бақыттымын! Аллаға шүкір!🙏🏻

Сәл-пәл шаршағаным бар. Бірақ, тәтті шаршау. Әуелден жауапкершілік деген дертпен ауырамын. Тұлғалық даму мектебімнің алғашқы сабағы өтіп болғанша бір сұрақтың жауабын күттім. Алғашқы сабақ анықтайды: мектеп керек пе, керек емес пе? Қолымнан келе ме, келмей ме? Осы екі топ мектебімнің келесі ғұмырын анықтайды. Ақшаларын жинап алып, сабағымнан кейін кім қандай күймен кетті бәрібір емес. Алдыма келген әр адам үшін бұл мектеп сағынып келетін ортасы бола ала ма сол маңызды болды. Стереотиптерден әлі құтқаруға болатын, ақпаратты жұлып-жеп талдайтын жас кезеңін ғана қабылдап, планканы көтеріп қиындатып алып, өзім уайымдаумен болдым. Десек те, алғашқы сабақ маған қанат бітірді. Осы күнге дейін мыжып жазып келген ақылың бес тиын шығар мүмкін, көреміз деп ем өзіме. Үміт бар. Қыздар маған сенгендеріңіз үшін алғыс! Менің кешегі адамзат үшін бірнәрсе тындыруым керек деген түнімен алысқан ойымнан бірнәрсе шығады, Құдай қаласа! Сөзімнің соңынан іспен үлгеруім үшін әзірге идеям өзімде қалсын. Уақытында көре жатарсыздар. Әзірге, бақыттымын! Аллаға шүкір!🙏🏻

1711 likes - 1711 comments
ҰЯЛЫП ҚАЛДЫМ.
#10yearschallenge Челлендждің эстафетасы маған да келгенде өзімше бүкіл он жылда жеткен жетістіктерімді жазайын деп альбомдарды қопарып отырғам ғой. Шаршап кетіп инстадағы лентаны ашып қалсам алдымнан он жылда орман өсіріп шығардық деп Жизель шіркін жарқ етті. Модель Жизель Бундxен бастамасымен Бразилиа қаласының құрып бара жатқан жеріне 40 000 ағаш отырғызған екен. Ол он жылда кәдімгідей өсіп, сол аймақтың ауасын тазартып, суландырып айтарлықтай Бразилия экологиясына үлес қосып жатыр. 2 сурет. Ұялып қалдым. Несіне мақтанамын? Қай жетістігіммен мақтанамын? Жеткен жетістігіміз бен өзгерісіміздің барлығы өз қарабасымыз үшін ғой. Адам үшін, ел үшін, әлем үшін ешнәрсе тындырған жоқпыз. Алла әлі маған адамзатқа пайдалы болуды жазсын! Әзірге челлендждеріңіз өздеріңе, рақмет!)

ҰЯЛЫП ҚАЛДЫМ. #10yearschallenge Челлендждің эстафетасы маған да келгенде өзімше бүкіл он жылда жеткен жетістіктерімді жазайын деп альбомдарды қопарып отырғам ғой. Шаршап кетіп инстадағы лентаны ашып қалсам алдымнан он жылда орман өсіріп шығардық деп Жизель шіркін жарқ етті. Модель Жизель Бундxен бастамасымен Бразилиа қаласының құрып бара жатқан жеріне 40 000 ағаш отырғызған екен. Ол он жылда кәдімгідей өсіп, сол аймақтың ауасын тазартып, суландырып айтарлықтай Бразилия экологиясына үлес қосып жатыр. 2 сурет. Ұялып қалдым. Несіне мақтанамын? Қай жетістігіммен мақтанамын? Жеткен жетістігіміз бен өзгерісіміздің барлығы өз қарабасымыз үшін ғой. Адам үшін, ел үшін, әлем үшін ешнәрсе тындырған жоқпыз. Алла әлі маған адамзатқа пайдалы болуды жазсын! Әзірге челлендждеріңіз өздеріңе, рақмет!)

1965 likes - 1965 comments
Шымкент, Орал, Орал болып үш жігіт Калифорнияда аяқтарын алшаң басып келеді. Алда қаншама қиындықтар күтетінін біле тұра зона комфортадан шыға алғандар. Үлкен мақсат, өздеріне үлкен талап қоя білгендер. Санадағы шекараны бұзып, елдің шекарасынан асқандар. Әдемі өміріне қол созғандар. Сапалы қазақ көбейсінші🙏🏻 Аман болыңыздар! 
Білімді мыңды жығады #Di_kogam

Шымкент, Орал, Орал болып үш жігіт Калифорнияда аяқтарын алшаң басып келеді. Алда қаншама қиындықтар күтетінін біле тұра зона комфортадан шыға алғандар. Үлкен мақсат, өздеріне үлкен талап қоя білгендер. Санадағы шекараны бұзып, елдің шекарасынан асқандар. Әдемі өміріне қол созғандар. Сапалы қазақ көбейсінші🙏🏻 Аман болыңыздар! Білімді мыңды жығады #Di_kogam

1677 likes - 1677 comments

"1+1" фильміндегідей "У чувака из носа кровь пошла и он просит тридцатку?" дейтіндей емес. Қашанда суреттерден пәлсапа көруге тырысамын. Осы қасиетімді жетілдіру үшін суреттерді оқып үйрену курсына да жазылғым келеді. Дегенмен, ең ұнатпайтыным кезекте тұру. Парижге барып тұрсам да 4-5 сағаттық кезектен қашып, ұлы суретшілердің еңбектері сақталған Луврға кірмей кеткем. Алайда, бүгін өзіміздің Астанада ашылған "Пигмалион" көрмесінен Пабло Пикассо, Сальвадор Дали, Марк Шагал, Анри Матисс секілді біртуар суретшілердің туындыларын көрдім. Түпнұсқаларын көрдім. Бұл суреттермен қатар өзіміздің қазақстандық суретшілердің жұмыстары да үндесе орын тапқан. Тамаша мүмкіндік! Көрме өзіміздің Ұлттық Музейде өтіп жатыр. Наурызға дейін жалғасады. Осы көрмеде өмірлік ұстанымы өзіме ұқсас нәзік жанды кезіктірдім. Еуропаға саяxаттаған сайын қымбат киім сатып алмай, орнына жүрген жерінен елге әйгілі суреттерді ала келетін қазақ қызы бар екен. Көрмедегі бірегей, аса бағалы суреттердің иесі, өнер жанашыры - Дана Төлепбай. Риза болдым. БравО!

1676 likes - 1676 comments

"Кейбір сұрақтардың жауабын білеміз біз алдын-ала... Мынау - тыныштық деп аталады" ✨ WHY’M

1079 likes - 1079 comments

"Неғылған біртүрлі гүл? Ерекше екен..." деп таң қалдым. Юниверсал студиоға сапарымыздың соңында жаңбыр құйып кетсе де гүлді ерінбей фотоға түсіріп алдым. Бүгін таңертең Астанамда #өзуақытым деп қойып, асықпай шай ішіп отырсам обойдағы гүл көзіме оттай басылды. Бұрын қалай байқамағанмын? Өзімізді қандай сұлулықпен қоршасақ сол әдемілік өмірімізге енетіні ғажап! Кейде мұрнымыздың астындағыны байқамайтынымыз қызық. Жолдасыма фотоны көрсетіп "Мына гүлді көрдің бе бұрын? Қызық өзі, иә?" десем бұрын көрмегенін, білмейтінін айтады. Қабырғадағы обойдан көрсетім ем, ол да таң қалып, әбден күліп алдық.

1715 likes - 1715 comments
Мына екі адамға қараңыз! Ол екеуі бұрыштағы Старбакстан кофе ішеді. Екеуі бірнәрсе бүлдіріп жүргендей айттым ба? Қалжың, әрине! Дегенмен, Америкада xалықтың басым көпшілігі кофеман. Біздегідей

Мына екі адамға қараңыз! Ол екеуі бұрыштағы Старбакстан кофе ішеді. Екеуі бірнәрсе бүлдіріп жүргендей айттым ба? Қалжың, әрине! Дегенмен, Америкада xалықтың басым көпшілігі кофеман. Біздегідей "Мәә! Анау жерде жаңа Старбакс" ашылыпты емес. Америкада Старбакс таяғыңды лақтырған жерден табылады. Бұл елде өзіңді Старбакстың жарнамасында жүргендей сезінесің. Екінің бірінің қолында сол брендтің кофесі. Тура кинодағыдай take away. Қолдарына бір-бір кофені алып барлығы сеңдей соғылысып жүргені. Себебі, американың тұрғындарында дым уақыт жоқ. Сондықтан, біздегідей кітабыңды апарып, асықпай оқып кофе ұрттап отыратын кафе де аз. Соңғы кезде жастардың арасында да "Мне с собой" деп қойып кофені қолға ұстап, асыға жөнелу сәнге айналды. Асықпайықшы! Америкалықтардың асығуы ұнамай қалды. Не өмір анау?!🤔😂 #Ditravel_USA

1616 likes - 1616 comments
Ақталамын. Әлсіз адамға ұқсап ақталайын деп тұрмын😂 Соңғы саяxатымда менен көп эмоция байқадыңыздар. Иә, бұрынғы саяxаттардан ерекше мол эмоция. Таңертен мынадай пікір оқыдым:

Ақталамын. Әлсіз адамға ұқсап ақталайын деп тұрмын😂 Соңғы саяxатымда менен көп эмоция байқадыңыздар. Иә, бұрынғы саяxаттардан ерекше мол эмоция. Таңертен мынадай пікір оқыдым: "Соңғы кезде жасанды боп кеттіңіз..........Аристократ күйіңізден ажырамаңыз" деген. Біріншіден, Америка эмоция мекені. Айналадағы еркіндік жұқпалы. Екіншіден менің әрекетімдегі еркіндіктің басты себебі - ол менің қызым. Қызыма "Мен сенен үлкенмін. Анаңмың! Сыйла!" деп үстемдік етпеймін. Досыңмың, құрбыңмың, өз адамыңмын деген қатынас. Ол да мен үшін құрбы. Демек, өз ортам. Ал адам өз ортасында өзін еркін ұстайды. Мен өз ортамда ырбаңдап сағыз шайнаймын, өз ортамда көзімнен парлап жас шыққанша күлемін, өз ортамда кейде жаман сөз де айтып қаламын, көлікте аяғымды көтеріп отырамын. Мен әрдайым қызыма әр нәрседен өзінше кайф алуды, қуаныш сезіне білуді көрсетемін. Байқаңыздар, үйретпеймін. Сама демонстрирую💃🏻 Одан кейінгі маңызды нәрсе. Әрине, сіздердің менен тектілік көргендеріңіз маған майдай жағады. Дегенмен, менде тектілік бар деп қатып қалмай, адекват адам ретінде күлетін жерде күліп, билейтін жерде билеп, жай бақытты болған ұнайды. Мені қай күйіммен де жақсы көргендеріңіз үшін алғыс! #неидеальная

2514 likes - 2514 comments
Жігіттер мынаны оқып

Жігіттер мынаны оқып "Әттең!" деп санын соғатын шығар. Бірақ, иә, мен Лас-Вегаста болып тұрып, казино ойнамай келдім. Бірінен бірі өткен төрт казинода болдық. Жай көріп шықтық. Бірақ, жақындамадым. Қызық үшін болатын еді, әрине. Алайда, жанымызда қызым болған соң ойнап жатқанымды көріп, құмар ойын арқылы ақша ұтуға болады деген түсінік, сенім қалыптаспасын дедім. Құмар ойындардың алдында мықты иммунитет керек. Әсіресе, жағдайың Вегаске бір күнге жеке вертолетіңмен бір чемодан ақшамен келетіндей болмаса, казиномен байланысудың түк қажеті жоқ. Менің ойым. Сіздер ше, бақ сынап көрер ме едіңіз?

1515 likes - 1515 comments