Muhamedjan Tazabek @mukhamedzhan_tazabek

"Асыл арна" телерадиокомпаниясының Бас директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері. Псиxология ғылымдарының кандидаты, PhD. Айтыскер ақын.
User Avatar

Muhamedjan Tazabek @mukhamedzhan_tazabek Media

Айтыс - ұлттық кодтың бір пернесі ғой!
Дүбірін естісең делебең қозады...
Арасынан шыққасын арқаң шымырлайды...
Ішінен шыққасын ішің сезетін нәрсе көп...

Айтыс - ұлттық кодтың бір пернесі ғой! Дүбірін естісең делебең қозады... Арасынан шыққасын арқаң шымырлайды... Ішінен шыққасын ішің сезетін нәрсе көп... "Алтын домбыра" айтысының бүгін яғни бірінші күнінде 12 ақын тұтас он балдан иеленіпті. Ертеңге кім шығарын, кіммен-кімнің жұптасарын қазылар шешеді... @zhursin_yerman ағам жұрт алдында xабарлайды. Ең бастысы ақындарға дуалы ауыз, әділетті жүрек, нұрлы ақыл, намыстың отын лаулатар тамызық мінез тілейміз..! Саxынада тартысып, таласқанмен, көбісі өмірде дос-жаран бауырлар ғой... Бәйгі біреуге бұйырар, әйтеуір беделге сызат түспесін... Тағдырда жазылып қойылған ризық ешқайда қашпайды, Алла абыройдан айырмасын! Интернет тым нашар болса да, аракідік тікелей эфирден естіп қалған аз-маз ақпартқа қанағат етіп отырмыз... Қайсібір тұста, Даулеткерей ақынның @mukhtar_niyaz бен @rinat_zaitov_resmi жайлы кең пейіл, кесек сөзін естіп қап риза болдым. Ары қарай тікелей трансляция үзіліп кетті... Ертеңгі ақтық сын ақындардың адымын ашып, тыңдаушының айызын қандырғай! @aitysker.oorrgg @zhursin_yerman @mukhtar_niyaz @rinat_zaitov_resmi

2613 likes - 2613 comments

5502 likes - 5502 comments
@jannat_ansaushylary

@jannat_ansaushylary

5365 likes - 5365 comments
Мерекелік кешті @bekarys_nuriman дай ізі бар інімізбен өткіздік.
Жақында ғана докторлығын сәтті қорғап, қазақ ғылымының бәйгесіне ат қосқан, @amanzhol_altai сынды ақиық ақынның шәкірті, қабілетті бауырымыздың қадамына сәттілік тілеп, жиған-түйген қазынасын қанып іштік...
Аллаға шүкір!

@amanzhol_altai 
@bekarys_nuriman

Мерекелік кешті @bekarys_nuriman дай ізі бар інімізбен өткіздік. Жақында ғана докторлығын сәтті қорғап, қазақ ғылымының бәйгесіне ат қосқан, @amanzhol_altai сынды ақиық ақынның шәкірті, қабілетті бауырымыздың қадамына сәттілік тілеп, жиған-түйген қазынасын қанып іштік... Аллаға шүкір! @amanzhol_altai @bekarys_nuriman

2381 likes - 2381 comments
#Repost @erlanabdiruly
・・・
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бақытымыз баянды болсын деген адам, ең алдымен,  өз ортасын, өз басындағы жағдайды жақсартуы керек. 
Қалай?
💁🏻‍♂️ Отағасы әйелі мен бала-шағасының «бақташысы» екенін сезініп, соларға жауапкершілікпен қараса;
Үй ішіндегі тәртіпті қолына алса;
Суық ақылдың, парасаттың иесі екенін көрсетіп, оларға насихат айтса;
Үйдегі жолбасшы ретінде тапқан ақшасының адал болуын қадағаласа;
Балаларына үлгі болса;
Өз әйелі құрметтеп тұратындай, қара басының қадірін кетірмей, сыйлы тұрып, сыйлы жүрсе...
💁🏻 Әйел үйінің ошағын сөндірмей, ел ертеңі болар ұрпақтарын ұлтжанды, намысшыл, арлы етіп өсірсе;
Жоқтан бар жасайтын қанағатшыл болса;
Күйеуі мен туыстарының арасына алтын көпір салып, олардың тату болуын ойласа;
Өсек айтпаса;
Жақындарының жамандығын жасырып, жақсылығын асырса...
👪 Бала ата-анасын сыйлап, олардың алдында жайылып жастық, иіліп төсек болса;
Үлкендерге құрмет көрсетер ізетті болса;
Жаман атын шығарып, ата-анасын жерге қаратпаса;
Әке-шешесін қарттар үйіне өткізбей, өзі бағып-қақса...
☀️ Туыстар бір-бірімен қабақ шытыспай, ағайынгершілікті, адамдықты сақтаса;
Бір-бірінің елп етіп керегіне жарап тұрса;
Адам басына іс түссе, өз-өзіне қол салуға емес, туысынан жылы сөз, қамқорлық табуға асықса..
🏡 Көршілер бойындағы қырсықтық пен қыңырлықты жеңіп, барынша кешірімшіл болса;
Басып жеп емес, шашып жеп, бауырларымен бөлісіп жеп үйренсе...
👨🏻‍💻 Қызметкер жұмысына уақытымен келіп, уақытымен кетіп, бос даурықпаға алданбай, өзіне тапсырылған істі мүлтіксіз орындаса...
Міне, осы нәрселер мына бейбіт өмірдің мерейін одан сайын тасытып, берекесін асырмай ма? «Мен елімді сүйемін», «мен патриотпын», «менің елге жаным ашиды», «елімнің болашағы баянды болғанын қалаймын» дейтін адам, ең алдымен, осы амалдарды жасай алуы керек. 
Біліңіз, сіздің ел ертеңіне қосқан үлесіңіз, тәуелсіздікке тартуыңыз - аузыңыздағы сөзіңіз емес, осындай жақсы істеріңіз...
Мерекемізбен!
@erlanabdiruly 
@erlanabdiruly 
@erlanabdiruly

#Repost @erlanabdiruly ・・・ Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бақытымыз баянды болсын деген адам, ең алдымен, өз ортасын, өз басындағы жағдайды жақсартуы керек. Қалай? 💁🏻‍♂️ Отағасы әйелі мен бала-шағасының «бақташысы» екенін сезініп, соларға жауапкершілікпен қараса; Үй ішіндегі тәртіпті қолына алса; Суық ақылдың, парасаттың иесі екенін көрсетіп, оларға насихат айтса; Үйдегі жолбасшы ретінде тапқан ақшасының адал болуын қадағаласа; Балаларына үлгі болса; Өз әйелі құрметтеп тұратындай, қара басының қадірін кетірмей, сыйлы тұрып, сыйлы жүрсе... 💁🏻 Әйел үйінің ошағын сөндірмей, ел ертеңі болар ұрпақтарын ұлтжанды, намысшыл, арлы етіп өсірсе; Жоқтан бар жасайтын қанағатшыл болса; Күйеуі мен туыстарының арасына алтын көпір салып, олардың тату болуын ойласа; Өсек айтпаса; Жақындарының жамандығын жасырып, жақсылығын асырса... 👪 Бала ата-анасын сыйлап, олардың алдында жайылып жастық, иіліп төсек болса; Үлкендерге құрмет көрсетер ізетті болса; Жаман атын шығарып, ата-анасын жерге қаратпаса; Әке-шешесін қарттар үйіне өткізбей, өзі бағып-қақса... ☀️ Туыстар бір-бірімен қабақ шытыспай, ағайынгершілікті, адамдықты сақтаса; Бір-бірінің елп етіп керегіне жарап тұрса; Адам басына іс түссе, өз-өзіне қол салуға емес, туысынан жылы сөз, қамқорлық табуға асықса.. 🏡 Көршілер бойындағы қырсықтық пен қыңырлықты жеңіп, барынша кешірімшіл болса; Басып жеп емес, шашып жеп, бауырларымен бөлісіп жеп үйренсе... 👨🏻‍💻 Қызметкер жұмысына уақытымен келіп, уақытымен кетіп, бос даурықпаға алданбай, өзіне тапсырылған істі мүлтіксіз орындаса... Міне, осы нәрселер мына бейбіт өмірдің мерейін одан сайын тасытып, берекесін асырмай ма? «Мен елімді сүйемін», «мен патриотпын», «менің елге жаным ашиды», «елімнің болашағы баянды болғанын қалаймын» дейтін адам, ең алдымен, осы амалдарды жасай алуы керек. Біліңіз, сіздің ел ертеңіне қосқан үлесіңіз, тәуелсіздікке тартуыңыз - аузыңыздағы сөзіңіз емес, осындай жақсы істеріңіз... Мерекемізбен! @erlanabdiruly @erlanabdiruly @erlanabdiruly

1592 likes - 1592 comments

8986 likes - 8986 comments

8184 likes - 8184 comments
Ақын жүрегінен ақ тілек...
@kuanysh_kolkaev

Ақын жүрегінен ақ тілек... @kuanysh_kolkaev

3935 likes - 3935 comments
@orkeni бауырым Алматыға кеп, өткенде барып қайтқан Жапония сапарын өз аузынан ыстықтай тыңдаудың сәті түсті. 
@serik_kaliev ағам екеуміз небір мысалдарға бас шайқап,@sydyk_camel_milk кафесінің қою шұбаты мен тәтті қымызының арасында өресі биік бауырымызға небір сұрақтар қойып тастадық...

@orkeni бауырым Алматыға кеп, өткенде барып қайтқан Жапония сапарын өз аузынан ыстықтай тыңдаудың сәті түсті. @serik_kaliev ағам екеуміз небір мысалдарға бас шайқап,@sydyk_camel_milk кафесінің қою шұбаты мен тәтті қымызының арасында өресі биік бауырымызға небір сұрақтар қойып тастадық...

4063 likes - 4063 comments
Әлгінде ғана

Әлгінде ғана "Құрмет" орденімен марапатталған қадірменді бауыр, дуалы ауыз ақын @balgynbek_imash сынды ұлды тәрбиелеп өсірген ағайын-жұртты арнайы құттықтағым келеді! Айыр көмей, от ауыз ақын ұлдарыңыздың, қазақ десе қабырғасы қайысқан қайраткер ұлдарыңыздың жолы ашылып, жоғарылай берсін! Еңбегі берекеленіп, беделі беки берсін! Дүние, ақыреті Алланың мейірімі мен кешіріміне толсын! @balgynbek_imash @balgynbek_imash @balgynbek_imash

14846 likes - 14846 comments
Астана төрінде балаларға арналған керемет кітаптардың тұсаукесері өтті.
Құтты, берекелі болсын!🇰🇿💐📖
@bitanazamat 
@ularbeknurgalym 
@bekbolat.tleukhan

Астана төрінде балаларға арналған керемет кітаптардың тұсаукесері өтті. Құтты, берекелі болсын!🇰🇿💐📖 @bitanazamat @ularbeknurgalym @bekbolat.tleukhan

3226 likes - 3226 comments

"Ақпарат және коммуникация" министрі Дәурен Әскербекұлы Абаевтің қолынан "Ақпарат саласының үздігі" деген марапатқа ие боп, төсбелгісін өңірімізге қадап қайттық... Үздікпіз бе, үздік емеспіз бе, көзіқарақты оқырмандарым, сіздер жақсы білесіздер... Өздеріңіз тіркеліп, "Асыл арнадан" парақшамызға дейін көз тігіп, бата беріп, тілектес боп отырмасаңыздар, біздің қолымыздан не келеді?! Азғантай еңбегіміздің еленіп, мемлекет тарапынан қолдауға ие боп жатқанына қуаныштымыз! Ортақ жұмыстарымыз бен руxани насиxаттарымызға Алла берекесін берсін! Ел аман, жұрт тыныш боп, тәуелсіздігіміз нығая берсін! Аман ердің аты шығар, тыныш елдің тірлігі тиянақ табар!!!

9805 likes - 9805 comments